Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырдан жауған жас көрдім

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Бұрылып көкке қарадық,
Жақындап екі аралық.
Келеді көшіп тау жаққа
Эльбрус жақтан қара бұлт.
Сезімдер ойнап отандық,
Өмірге өлмес от алдық.
Аяулы ақын дуэльге
Түскен жерге бет алдық.
Алай-түлей, қым-қуыт,
Етегін құздың жел қуып.
Ескерткішке жеткенде,
Еңіреп жауды шерлі бұлт.
Жауғанда жаңбыр құзды ұрып,
Жер бетін нұрға жүздіріп.
Лермонтов жайлы өлеңді
Оқыды бір қыз үздігіп.
Құлақ түрдік енді біз,
Нөсерді жырмен жеңді қыз: —
Біздер жақта үш шың бар:
Біріншісі — Кавказ да,
Екіншісі — Эльбрус!
Үшіншісі — Лермонтов!—
деді үнмен елге ынтық...
Ұшырып ұшқын көзіңнен.
Сырласып тұрып өзіңмен:
— Өлеңі,— деді — Қайсынның!
Ерекше толқып сезіммен.
Әлде бір күйге түстім бе,
Көрсетті кегім күш кімге?
Кавказды басып қара бұлт,
Созылды жаңбыр үш күнге!
Қалғандай ізі таста өріп,
Күдігім болып қашты елік.
Жүдеп тұр қайран жүрегім
Жаңбырдан тамған жас көріп.
Кеткені қалай қамығып,
Ашылар күннің шағы бұл,
Айрылған екен қарт Кавказ,
Жыршысынан тағы бір!
Дей алмай «Жалған! Өтірік!»,
Жартасты қоршай отырып.
Қазасын қайран Қайсынның
«Правдадан» оқыдық!
Мұнартып мұңды төңірек,
Ала алмай тыныс кеңірек.
Еңсесін басып қара бұлт,
Қарт Кавказ тұрды еңіреп!
Басылмай өксік, солқылы,
Кавказдың көгі толқыды.
Оқылған шақта өлеңі,
Үзіліпті ақын сол күні!
Қайғысы күннен түнге ауып,
Еңсесі күннің мұңға ауып.
Эльбрус жақтан бұлт көшіп,
Ақ жаңбыр әлі тұр жауып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолда тас жатыр!

  • 0
  • 0

Еңсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, о, адам, жолдарыңнан
Қозғамадың сол тасты құлап тұрып.

Толық

Соңғы сөзі ағаның

  • 0
  • 0

Екі көзім – екі бұлт,
Төгіп жатыр нөсерлерін қайғымен;
Ауру деген жер-жүректің төсіне
Тіліп түскен білем.

Толық

Айқассаң айқас бел буып

  • 0
  • 0

Айқассаң айқас бел буып,
Алайда-дүлей жел қуып.
Адалдық үшін күрессең,
Жететін меже — жер жуық.

Толық

Қарап көріңіз