Өлең, жыр, ақындар

Жалау Мыңбаев

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3172
Қилы заман қызыл тұман шағында,
Адай Ревком елдің бітіп бағына
Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын,
Қолын созған болашақтың таңына.
Алаусыздық билік үшін бақталас,
Албастыдай жармасса да жалаңаш.
Қиып түсіп көктен түскен жасындай.
Жақсылықты тасыған ол жоғалмас.
Өмір сырын терең түйіп көңілге,
Құшақ ашты күндей сұлу білімге.
Ұмытпады арбакештік шақтарын,
Тұз тасыған азап шегіп кезінде.
Үзім нанды құрдасымен қақ бөліп,
Жүрді қанша тіршілігін бақ көріп.
Оның жазған жүрек жанды жырларын,
Төске сақтап айтатұғын жатқа өріп!
Сол бір жылдар мәңгі халық есінде.
Ел аңсаған бостандықтың көшінде.
КАЗЦИК-ігіме төраға боп көш бастап,
Қызыл жұлдыз таққан дала төсіне.
Жетелеумен ізгілікті арманы,
Елім үшін тер төгуден тынбады.
Жеткізсем- деп,молшылыққа ырысты,
Қырандардай биік ұшып самғады.
Қызықпастан билік даңқ атаққа,
Былғанбастан даңғойлыққа атаққа.
Дүниенің тұтастығын тіледі ол,
Ата жұртпен тұра біліп бір сапқа!
Күрес толы асулардан асарда,
Ана тілім қалмас үшін тасада.
Алтын заңға құдыретін жаздырды ол,
Даналықпен келешекке жол сала.
Бар қуатын ана сүтпен қоса алған,
Тілім біреу,дінім біреу қашаннан.
Оны сақтау бар қазақтың борышы,
Осы ұранмен ол баршаға жар салған.
Оның үні өзгелерден бөтенді,
Жалт – жұлт етіп қырға сәуле төселді.
Желбіретіп тәуелсіздік жалауын,
Дәуір ұлы ғасыр нұрын төске ілді.
Бабалардай терең оймен алымды,
Кең әлемге қақты жаңа дабылды!
Жетсінші деп жан айқайым ұрпаққа,
Болашақта сөз арнады жалынды.
Езіп қайғы тұрса да іші қан жылап,
Ол көрмеген еңсе жығып қалжырап.
Белді буып шыққан ашық күреске,
Жаға біліп ақыл ойдан шамшырақ!
Кіші Қазан дауылымен от өрген,
Зұлымдықтың улы шаңын көтерген.
Ол алысты Голощекин ку жақпен,
Елім аман өтуі үшін өткелден.
Тиран көсем жол салғанмен озбырға,
Басын иіп жем болмады құзғынға.
Жауы барда қайрап жүрді қылышын,
Қастық қылса алысуға әл барда!
Мансап қуып ойламастан елдігін,
Әттең бірақ қандас сатты бір – бірін.
Оза шапқан тұлпарына ор қазып,
Күншілдіктің кере созып белдігін.
Езділерден ақылдылар қорланды,
Пәршаланды парасатты ой мәнді.
Өз көсемін өздеріне аңдытып,
Зымияндар естілерді торға алды.
Кім бар озған жазмышынан тағдырдың,
Тоқтата алмай қанды қасап тасқынын.
Отқа түскен жолбарыстай күй кешіп,
Келешекке үмітпенен тосты үнін.
Әділдіктен семсер тағып беліне,
Жалау десе жалау болып еліне,
Дем біткенше шаң тигізбей алысты ол,
Қазағымның шаңырағы төріне.
Армандаумен азаттық нұр ақ таңды,
Сүйді шексіз әлдилеген Отанды.
Сыйға тартып ерлікпенен елдікті,
Әруақты Адай бабам ұрпағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлсары ата үні

  • 0
  • 0

Отаныңның биіктетер аспанын,
Шәкірттердің нұрға бөлеп жас жанын.
Жетелеген білім таудың шыңына,
Ел, ел емес сыйламаған ұстазын.

Толық

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Қайдасыңдар, түріктерім?

  • 0
  • 0

Қайдасыңдар түріктерім қаптаған,
Жарты әлемді түгел билеп таптаған.
Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып,
Тау шыңында шежіре, сыр сақтаған.

Толық

Қарап көріңіз