Ер қазағым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ер қазағым

Найзасы найзағайдай от шашатын,
Қорғаған елін, жерін ер қазағым.
Байрағы көк аспанда желбіреген,
Елдігін жауға бермес ер қазағым.

Аякөз, Аңырақай, Орбұлақта,
Жоңғармен арпалысқан ер қазағым,
Мәскеуде, Сталинградпен, Ленинградта,
Неміске оқ жаудырған ер қазағым.

Аштықты, қуғын-сүргін, қанаудыда,
Көрседе қайыспаған ер қазағым.
Ызғарлы желтоқсанның қаһарында,
Ұмтылған азаттыққа ер қазағым.

Жәнібек, Абылай мен, Қасым сынды,
Хандарын ұлықтаған ер қазағым,
Әйтеке,Төле бимен, Қазыбектей,
Билерін ұмытпаған ер қазағым.

Бауыржан, Қайрат пенен Шоқандардай,
Ұлдарын үлгі қылар ер қазағым.
Мұқағали, хакім Абай, Шәкәрімдей,
Тұлғасын пір тұтады ер қазағым.

Ұлтының салт-дәстүрін, ғұрыптарын,
Ұрпаққа жалғастырған ер қазағым.
Көшпенді бабалардың армандарын,
Жүзеге асырарда ер қазағым.

Егемен еліміздің ертеңіне,
Үмітін үкілеген ер қазағым.
Кең байтақ жеріміздің төскейіне,
Зер салып елеңдейтін ер қазағым.

Тәуелсіз мемлекетті құрды бүгін,
Бабалар аңсап өткен ер қазағым.
Көзіңнің қарашығы, бар асылың,
Қазақстан, қазақ елі ер қазағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер қазағым өлеңінің авторы кім?

Қуандық Жолтай — осы өлеңнің авторы.

Ер қазағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ер қазағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Жолтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер қазағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.