Өлең, жыр, ақындар

Ораз Жандосов

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2351
Мұндай сұмдық ешбір елге бермесін,
Қызыл терор қамау қылып түрмесін.
Бейбіт жандар түнегінде тұншығып,
Өмір жатты қармен көміп іргесін.
Жұрт бұралып ісіп кеуіп аштықтан,
Зілзала боп тұрғызбастай басты шаң.
Жарасынан ағып жатты қанды ірің,
Қарақшылар салған азап қырсықтан.
Сол бір қыспақ зобалаңда түнектен,
Отан үнін тыңдай біліп жүрекпен.
Еркіндікке жол іздедің көш бастап,
Бабалардың жолын жалғап ерлікпен.
Бар қылмысын бетке басып залымның,
От кеудеңде басылмастан жалын үн,
Ақиқатты желбіретіп ту қылып,
Өзі болдың түнек кескен жарықтың.
Елің үшін қуғын көрдің, жол көрдің,
Өтті қанша басқа қатер төнген күн.
Кең Жылыойда ізің қалды жан көке,
Ақтара айтып мұңды сырын кеудеңнің.
Айрылмауға баба жолы елдіктен,
Сен күрестің қас жауыңмен ерлікпен.
Арпалыстың соңғы демің біткенше,
Құтылуға қанды балақ жендеттен.
Елің үшін жасап адал қызмет,
Бола білдің жаны жомарт күн жүрек.
Ой салады келер толқын ұрпаққа,
Бойыңдағы данышпандық құдірет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ораз Жандосов өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ораз Жандосов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ораз Жандосов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ораз Жандосов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері