Өлең, жыр, ақындар

Лермонтов жүрген жерлермен

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 633
МАШУК

Айнала желі ұйытқып,
Шаншыла көкке тиіп тік.
Толғанға қарап тұр Машук —
Лермонтов шыққан биіктік.
Өзі де әсем, сүйікті-ау,
Даналар басын иіпті-ау.
Толғана қарап тұр Машук —
Пушкин де шыққан биік тау.
Көрсем деп түннің мақпалын,
Қоштасқан күннің батқанын.
Қос ақын шыққан көруге,
Қарсы алып таңның атқанын.
Шығады екен қонағы,
Сол тауға қарай жол алып.
Қарсы алады екен адамды,
Басына бұлтты оранып.
Көретін тау бұл көп келіп,
Басынан шыңның от көріп.
Қос ақын шыққан биік деп,
Біздер де солай беттедік.
Аз күн де болса рақмет,
Тұз-дәмді бірге татып ек. —
Әруақты жер ғой бұл,— дейді,
Сапарлас досым Ахмед.
Басына өлең оқымақ,
Тағдыры ойға тоқымақ.
— Балама,— дейді Ахмед,—
Ырым ғып алам топырақ.
Алсаң ал деймін ымменен,
Жайқалған жер ғой гүлменен.
Ғажайып тау ғой, жарықтық
Жеткізу қиын тілменен.
Қараймыз тоймай көк белге,
Оранған орман көктемге.
Бізбенен бірге бұлт жетті,
Басына таудың жеткенде.
Мұндайды көрмей сыртта өстік,
Сене ма бұған жұрт дестік.
Құдірет еді не деген?!—
Белуардан бұлт кештік!
Ойымыз он-сан бөлініп,
Ғажайып сәтке жолығып.
Нөсерлеп жауып біз тұрдық,
Денеміз бұлтқа шомылып.
Нөсерлеп жауып қапталдан,
Ақ қошқыл бұлттар ақты алдан.
Қос ақын тартқан сезімдей,
Жанымды қозғап жатты арман.
Дүние, неткен кең едің,
Тағдырды тартып келемін,
Қиялдап сонау бала кез,
Бұлт басып жүрсем деп едім.
Өмірлік қадам оң бітті,
Ақ нұрын төгіп жол күтті.
Тағдырым болып нұр жауып,
Жаяулап кештім сол бұлтты.
Қайтарып өлең қайырын,
Бар демей бізде айырым.
Лермонтов, Пушкин көрген тау,
Көрмей ме талай шайырын?
Қөрмес деп айтпас жұрт кесіп,
Жөңкіліп аққан сырт көшіп.
Басында тұрмын Машуктың,
Бір ғажап оймен бұлт кешіп.
Жүзінен нөсер, нұр балқып,
Толғана ойға тұнған күн.
Қос ақын сынды бұлт кешсем,
Тегін де болмас бұл, бәлкім.
Қолын да бермес хан келмей,
Сезімді кешіп, жан көрмей.
Тұрғанда болар қос ақын
Толғана толқып дәл мендей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қартаю

  • 0
  • 0

Күн мен Ай, жұлдыз жанып аспанында,
Өмірдің құдай берген бас жағында.
Бір адам қартаям деп ойламайды,
Арманда асау толқын жас шағында.

Толық

Теңізге сәлем

  • 0
  • 0

Бір озып, әрі асқан,
Толқыны таласқан.
Жерорта теңізі,
Көгілдір көк аспан.

Толық

Туған жердің құсымын

  • 0
  • 0

Қалықтап айналып бір ұшқаныымды – ай,
Сондағы көрсең менің құштарымды-ай!
Менұзап туған жерден бара жаттым,
Күзімнің қимай ұшқан құстарындай.

Толық

Қарап көріңіз