Алданған үміт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алданған үміт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1257
Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.
Өйткені
Әне бір кісінің
Керемет ойлары —
Табаны тасқа тиген
Кемедей боп
Суға кетті.
Ертеңгі күнге
Телмірген бүкіл елім
Ақырғы үмітін
Үзіп тастады.
Өйткені
Әне бір кісінің
Керемет ойлары —
Құрсағында бүрі жоқ
Кемпір құсап
Түсік тастады.
Ертеңгі күннен
Әбден безінген
Бүкіл елім
Зар жылады.
Өйткені
Әне бір кісінің
Керемет ойлары —
Істен шығып
Космостық
Қоқысқа айналған
Спутник секілді
Түкке де арзымады!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері