Корректор – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Корректор» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2241
Жас баладай жаңа ашқан әліппені,
Оқисың сен ежелеп әріптерді.
Саусағыңның отымен сәулеленіп,
Кітаптарым теріліп, жарық көрді.
Менен бетер мүлт кетсе мазаланып,
Менің үшін сен жүрдің жазаланып,
Қайта-қайта жөнделіп қалыпқа кеп,
Өз жаныңдай шықты өлең тазаланып.
Болсын дедің ой — айқын, сөз — ұғымды,
Елегіңнен өткіздім өз жырымды.
Жанардың да жарығы өлшеулі ғой,
Қалай сақтап қаламын көз нұрыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері