Өлең, жыр, ақындар

Расында өмірдің несі жалған?

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 337
Расында өмірдің несі жалған?
Әлі талай ашылар есік алдан.
Неге екенін, сонда да аласұрам
Кербұғыдай мүйізін кесіп алған.
Олжашыл жұрт екен ғой о да айлалы,
Тоғайған көңіл қайда тоғайдағы?!
Ауырдың астында жүр аз ғана топ,
Жеңілдің үсті барда оңай бәрі.
Шағыр бұлт емес екен басқамыздай,
Шақшиып өте шықты жас тамызбай.
Миығынан күлетін мына тірлік
Ақ мысығын жүгірткен Мақта қыздай.
(Болар ма екен мерейі мың күнімнің),
Түнеп шыққан түбіне кіндігімнің
турашыл ой туғаншыл емес екен,
Ойып алды бір көзін ындынымның.
Инабатым болғанмен иықтылау,
Алмасумен келеді биік, құлау.
Қызыл-жасыл құбылған сиқыр дүние
Сыңар көзге бәрібір сыйып тұр-ау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аясында шағалалы шақтардың

  • 0
  • 0

Аясында шағалалы шақтардың,
Жат біреуге жан сырымды ақтардым.
Таптым сөйтіп бөгде ішінен өзімді,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Менің бүкіл болмысымның айнасын

  • 0
  • 0

Менің бүкіл болмысымның айнасын –
Өлеңімді өмір қайтіп байласын.
Жұлдыздар да жымың қағып жыр тыңдап,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп

  • 0
  • 0

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп,
Жанарыңнан жүргенде жыр дәметіп.
Жүрегімде жақұт бар, көре алмайсың,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Басқа да жазбалар