Қыздың әні (2 нұсқа)
- 0
- 0
Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсе...
Бұл бетте «Монолог» атты Ринат Әбдіқалық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсе...
Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.
Дегенде қызыл уық-ей, қызыл уық,
Бір табан қыз байғұсқа шеше жуық-ай.
Кетеміз жер түбіне-ей, біздер байғұс,
Әкеге соның үшін болдым суық-ай.
Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.
Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізгеқызығар ма?
Жігіттер, жолдас болсаң, жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.
guka1988
Жақсы жазылған!
Albish.01
Kuwti eken