Тарпаң ойға тасталғанда бұғалық – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Тарпаң ойға тасталғанда бұғалық» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тарпаң ойға тасталғанда бұғалық,
Бұғалықтың буған жібін құп алып,
Қылқұйрықтан қалған шаңдай шұбалып,
Бұлаң қағып бара жатты жыл ағып.
Көк шұланға кез болғанда көкбет күн,
Көнбістіктен құралайдай боп кеттім.
Аша тұяқ арашаға жарар-ау,
Кіндігімнен,бірақ, қайда кетпекпін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері