Грек хаты – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Грек хаты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2363
Жүздері солғын жабырқап,
Ішінде қапас түнектің.
Біздің елге жазып хат
Ұлдары отыр гректің.
Күзетіп тұр күні, түн,
Тас абақты — тар қақпа.
Әрбір жүрек үмітін
Құйып жатыр сол хатқа.
«Бұзып темір торларын,
Осы хатым кетсе» деп,
Ойлайды олар: «Арманым,
СССР-ге жетсе»—деп.
Ел тілегі жол тапты,
Тұншықпады тұманда.
Ертеңіне сол хатты
Басып жатты «Правда».
1950


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері