Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?
– Себебі сен, туып өстің далада.
– Жұлдыз болып аққым келер, жан аға?
– Жұлдыз – сәуле құйып өстің санаңа.
– Қырандарша қанатымды қақсам деймін, жан аға?
– Биіктерге ұмтылу тән балаға.
– Жүрегіме алау отын жақсам деймін, жан аға?
– Ошақ шоғын көріп өстің далада.
– Раушан гүлдер таққым келер, жан аға?
– Қызғалдақтар теріп өстің далада.
– Ақ жанымды қонағыма жайып салам, жан аға?
– Бір сен емес,
Бәріде сол, туған ұлдың далада.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі