Шілде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шілде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1237
Ақшағыл бастырмайды қызып кеткен,
Балқырдай күн көзінен шыжып бөктер.
Астынан аяғыңның көтеріліп,
Құйындар мазақ етер,
Бұзық неткен.
Көк шалғын,
Қызғалдақтар қурап қалған,
Тақырлар айнымайды тулақтардан.
Жылқының бөгелектеп есі кеткен,
Көктемді аңсап,
Аунаған, қунап қалған.
Неткен өңсіз жылғалар көбі кепсе,
Неткен өңсіз беткейдің шөбі кетсе.
Бұлт шыға кеп ғайыптан осындайда,
Шіркін-ай...
Бір ақ жауын төгіп өтсе,
Төгіп өтсе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері