Ортасында тілек-назым құпталған –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Ортасында тілек-назым құпталған» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ортасында тілек-назым құпталған,
Достар, достар, құшақ жайып шықты алдан.
Шын достықтың орны өмірде ерекше,
Достар үшін жан беремін керексе.
Күлкі ғана өмір сәнін бар қылмақ,
Достар, достар, қарсы алады жарқылдап.
Армандаймыз жасасақ деп бір Аңыз,
Сырласқанша біз асығып тұрамыз.
Жалғыз үйде зерікпестен жатты кім,
Достар менің көңілді күй, шаттығым.
Достар, менің көкте күнім балқыған,
Достар, достар, шалқыр теңіз шалқыған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі