Біреу тілек тілейді – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Біреу тілек тілейді» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1697
Біреу тілек тілейді,
Өз отым ғана жансын,– деп.
Өзге ошақ оты сөнсін,– деп.
Біреу тілек тілейді,
Қара бұлт көктен төнсін,– деп.
Біреу тілек тілейді,
Дегеніме жұрт көнсін,– деп.
Ал мен тілек тілеймін,
Дос шаңырағы шайқалмай,
Шаттыққа іші толсын,– деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері