Есімде тек – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Есімде тек» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1161
Көкірегімді кернетіп күйге керім,
Есімде тек ес-түссіз билегенім,
Ынтыққаным, бірақ та сүймегенім.
Есімде тек: «Қайтайық – деген сөзің,–
Жеңгем іздеп қалады үйде менің».
Есімде тек тұрғаным үй алдында,
Жаныңа нұр білмеймін құя алдым ба?
Таңыма бір қол соқып қиялымда
Есімде тек сөккенім өзімді-өзім:
«Жасықпын ба осы мен, ұяңмын ба?»
Есімде тек қалғаны бітіп демім,
Мейлің, мейлің, жігерсіз жігіт дегін.
/Сөз айтар деп сол бойда күтіп пе едің?/
Есімде тек жанымды мазалады
Үміт пен күдік менің.
Есімде тек /бұндайда өтер қызық,
Тоғандарды тасқындар кетер бұзып/.
Есімде тек, иә, иә жүгіргенің,
Бір сүйіп ап бетімнен шөп еткізіп...
Тағы есімде:
«Мені сүй деп қыз қашан тосыпты ернін,
Тек қиялмен ләззатты кешіп бердің.
Батылдықтың еншісі-бақыттылық,
Бақытсыздық үлесі кешіккеннің,–
Деген сөзің соңынан мен құшқанда,–
Мәселенің бәрін мен шешіп бердім».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімде тек өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Есімде тек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімде тек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімде тек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері