Бұл бетте «Ажарымсың, Ақкетік» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әні: Бақытжан Еламановтікі
Бір өзіңде шежірем бар, салтым бар,
Ақ желкендер көк айдында жалтылдар.
Ғашықтардай бірін-бірі сағынған,
Жағалауға асығады толқындар.
Қ –сы:
Ажарымсың, Ақкетік,
Базарымсың, Ақкетік.
Достарға кең пейілі,
Наз әнімсің Ақкетік.
Бір өзіңде жыр кені бар, алтын бар,
Келген адам достық жайлы ән тыңдар.
Шағалалар арулардай қалықтап,
Қанаттары, қанаттары жарқылдар.
Аттың басын талай адам тіреген,
Сая баққа жұпар иіс гүл егем.
Ең алғашқы астанасы өзіңсің,
Маңғыстаудай түбегімнің түлеген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі