Сәулелі достық мендегі тілек – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сәулелі достық мендегі тілек» атты Айтуар Өтегенов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2321
Кек пенен ызаны оқ қылып ататын,
Солдаттар майданда қансырап жататын.
Ыңырсып, күрмеліп әрең тіл қататын,
Соғыстың апатын,
Көргем жоқ.
/Көру үшін де өмірге келгем жоқ/.
Бірақ, мен жауыздық, тағылық ісімен,
Тарихта қалдырған өшпейтін ізімен.
Естумен, аяғы, қолы жоқ кісіден,
Түсінем.
О, менің киелі мекенім,
Соғыстың құнының не екенін.
Қайтадан сол өртің жанбасын,
Жүректер шаттықты толғасын.
Сұм қайғы басқа кеп қонбасын,
Армандар солмасын, -
Деп ұлың тапжылмай қырағы,
Ей, Отан, күзетінде тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері