Гетенің емені – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Гетенің емені» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2687
Ойнатып Гете өлеңді,
Құмарын жанның қандырған.
Бойлатып көкке еменді,
Мұра қып артқа қалдырған.
Болсын деген бұл емен,
Ну орманның патшасы.
Түбіне өзі түнеген,
Борандай бұрқап ақ шашы.
Сұлу орман бикеші,
Тапсын деген қанағат.
Құрыған жан жүйкесі,
Жатсын деген паналап.
Қасқая қарап емен тұр,
Жаңғырып жылда көктеген.
Үстінде қалқып өлең жүр,
Тілдесіп күнде көппенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гетенің емені өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гетенің емені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гетенің емені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гетенің емені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері