Елағасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Елағасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3226
(Елубай Өмірзақовтың 60 жылдығына)
Қазақтың ұлан-байтақ кең даласы
Дейді әр кез Елубайды «Елағасы».
Арман не тисе осындай сыбағасы,
Берілсе Елаға деп ел бағасы.
Еңбегі Елағаңның жатыр толып,
Біресе ол жыр төгеді ақын болып.
Біресе Бозқасқадан шаң боратып,
Шабады Аманкелді батыр болып
Құлағын бұрап сырлы домбыраның,
Қосқан ол Қостанайдың қоңыр әнін.
Секірткен қабақтарын мың құбылтып,
Құрбыға ашып тастап омырауын.
Алпыста әлі жассыз, Елаға, сіз,
Өнерге көкірегі кең даласыз.
Халқыңмен бірге жаса жақсы күнде,
Болмайды тон жағасыз, ел ағасыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері