Коммунизм – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Коммунизм» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1192
Коммунизм...
Ол идея күйреді,
Капитализм...
Елді қайта биледі.
Коммнистер – ел тірегі бұрынғы,
Шыға келді буржуой боп жырынды.
Меншік,
Меншік,
Меншік үшін қырқысу.
Жағаларды жыртысу.
Абыр-сабыр, әркімде бір жанбағыс,
Әр қоғамда, өзіндір бар дағдарыс.
Оқиғалар...
Таңдандырды тап мені,
«Коммунизм идеясы» тәтті еді.
Барлығы тең қоғамда,
Тап күресі жоқ онда.
Қабілетіңе, еңбегіңе қарайтын,
Маған,
Саған,
Оған да.
Асты-үстіне түсіп жатқан дүние,
О-о, Кең Алла!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері