Пәк адамға ғайыптан – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Пәк адамға ғайыптан» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1234
Пәк адамға ғайыптан,
(Дәлелім мол сүйенер).
Тағылады айыптар,
Жағылады күйелер.
Ел мықтысын «жазалау» –
«Зікіршілер жиыны».
Ол күйені тазалау,
Қиындардың қиыны.
Өтірік-шын амалдап,
Кездер болды есірген.
Депутатты жамандап,
Әкімдерді кетірген...
Осылайша әңгүдік,
Айлаларын асырды.
Ойбайлауды «ән» қылып,
Киелерді қашырды.
Малұғындық әрекет,
Болып алды жиі өнер.
Ұрса деймін соларды,
Маңғыстаулық киелер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері