Таусылмайтын қызығы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Таусылмайтын қызығы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1781
Таусылмайтын қызығы,
Дейді аңыздың үзігі...
Басқарыпты ғаламды,
Сүлейменнің жүзігі.
Өлі менен тірінің,
Қолында екен тізімі.
Үзілмеген бағында
Пейіштің алма, жүзімі.
Жақсы менен жаманның,
Бұзылмаған сызығы.
...Сыртта ызғырық күз үні.
Керек болды мағанда,
Сүлейменнің жүзігі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері