Тербетті де сезімнің күйі балғын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Тербетті де сезімнің күйі балғын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1138
Тербетті де сезімнің күйі балғын,
Мен алғаш қыз ернінен сүйіп алдым.
Махаббат оты ма едің, жас жүректің,
Махаббат шыңы ма едің биік ардың.
Қағып қиял қанатын биікке тым,
Өртеніп баратқандай күйіп бетім.
Менің тұнық көңілімді шайқап өткен,
О, қаракөз, сен неткен сүйікті едің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері