Өзен бойы көп тоғай – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өзен бойы көп тоғай» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2946
Аманбайтоғай,
Жыңғылтоғай,
Ақкиізтоғай,
Шоқпартоғай...
Тоғай, тоғай көп тоғай.
Тартам алға біріне де тоқтамай.
Туған жер бұл – Бекет Пірім және Мен,
Жем бойында мен білмейтін жоқ маңай.
Бекет бала туған күні бұл жерге,
Барлық нұрын төккен дейді сүт сәулелі аппақ Ай.
Жағасында табыстырып ғашықты,
Ару Жемім қуаныштан тасыпты.
Тасыпты да арнасынан асыпты.
Жан-жағына құлашын кең жайыпты,
Жайыпты да маңын сумен шайыпты.
Жайқалыпты содан кейін көп тоғай,
Тоғайларды аралаймын тоқтамай.
...Өмірге өмір жалғасты,
Көрегендік былай бопты алғашқы.
Көңіл көншіп тоқталар,
Кеткендерден жоқ хабар.
Ақталынбай ел үміт,
Сол жорықта қалыпты ерлер жеңіліп.
Сонда ерлерді сынай кеп,
Бекет бала жұбатыпты былай деп:
«Жортуылшы
Аман да келер жорықтан,
Жаман да келер жорықтан.
Шегірткеден сірә да,
Егін екпес қорыққан.
Үмітсіздік белгісі,
Болашақтан торыққан.
Жоғалмайды жортқан із,
Тағдырыңа өкпеліп бізге кінә артпаңыз.
Жыртығыңды бүтіндер,
Кездің қашан келерін, өзім айтам күтіңдер!» –
Дегенде әлгі Бүлдіршін,
Тоқтаған-ды үлкендер дейді аңыз кім білсін?!
Жем бойының жағалауы оба кіл,
Обалардан көп құпия табамын.
Аратөбе – «Алтын Адам» жатқан жер,
Талай судай адам қаны аққан жер.
Бір мысқалы тимесе де қолына,
Қабірдегі сол алтынмен мақтанды ел...
Өлең құрап отырмадым жоқтан мен,
Топырағың тең ғой сенің мақпалмен.
Оған куә баба қорым – Бақашы,
Бақашыда жатыр рас талайлардың бабасы.
Жер дауында депті менің бір әкем:
«Анау тұрған Бақашы,
Арқамды соған тақашы».
...Меңдекешім,
Қабиболлам,
Аманқосым,
Қонашым,
Мұқан және Өтегенім,
Аман менен Бүркіттей,
Шықты сенен талай ақын Ақтангер.
Жүректері тылсым іздеп жалындар,
Ұмытпаңдар, жерлестерім таныңдар,
Шықты сенен
Қуанғали,
Боқай сынды,
Ғұламалар, ғалымдар.
Отан үшін бұлдамаған терлерін,
Шықты сенен көп-көп Еңбек Ерлері:
Әкелерім Нұрмағамбет, Әбді және Ақашым.
Жеңгелерім Сәли менен Жанбөпе,
Ақылына көркі сай жалын болып жанды өте.
Қалды артында ескерілмей көп іздер,
Міне, қазақ әйелдері дегізген.
Абзал аға Кісенбай, ал құрдасым Аманжол,
Малбегілер қиындықтан табар жол.
Өрнектейтін әрқайсысын әсем-әсем жыр керек,
Назар, Әбдір, Әбділдамыз бір бөлек.
Тұрдығали, Есенгелді және Келтір тәрізді,
Аға-іні тұлғалары тұрды ерек.
Бақашы бар,
Бақа бар.
Қазыбек пен Жанбике,
Жота-жота, жоталар,
Бәрі біздің аталар.
Алтынтапқан, Қаражар,
Түстігінде Сарқасқанының жалдары ...
Бәрі-бәрі мықты болған талғамы,
Жайлаған жер біздің ауыл шалдары...
Имандылыққа халқы ұйып,
Ұғынған соң хат танып.
Ару Жемін шексіз сүйіп,
Пір Бекетім,
Жыр Бекетім,
Ұлысқа ұран – Әулием,
Маңғыстауға бара жатты аттанып ...

Ақмешіт маңында дүниеге келген ақындар: Меңдекеш Сатыбалдиев, Қабиболла Сыдиқов, Аманқос Ершуов, Қонаш Қалдыоразов, Мұқан Мақуов, Өтеген Оралбаев, Аман Жанкеев, Бүркіт Базарбаев, т.б.

Социалистік Еңбек Ерлері: Нұрмағамбет Арқабаев, Әбді Дүйсенбеков, Ақаш Мұқамбаев, Сәли Шәкірова, Жанбөпе Мергенбаева,
Аманжол Кенжеғариев, т.б.

Ел басқаруға еңбегі сіңген азаматтардың ауызыма түскендерінің бір тобы: Әбділда Оразбаев, Назар Ершуов, Әбдір Биманов,
Тұрдығали Мәмбетов, Есенгелді Нұршаев, Келтір Шәненов, т.б.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзен бойы көп тоғай өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Өзен бойы көп тоғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзен бойы көп тоғай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өзен бойы көп тоғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері