Жақсы өлең – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жақсы өлең» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3976
Көңілім өлең сиқырын жүр аңғармай:
өмір кешіп, қалғандай шырақ жанбай
отырамын жабырқап, жүдеп көңіл,
мұң, ыза, наз жиналып жүрекке кіл.
Сонда жақсы жыр оқып нұры армандай,
жадыраймын, жанымда мұнар қалмай,
сол өлеңді дәл өзім шығарғандай.
Қылаң берер емес-ау алдымда әлі
Махамбеттің, Абайдың шалғындары...
Сыр бермейді сырлы өлең, жүдесем де
көңілім – дауыл, күшім аз күрестерге.
Ұқтырмасын сиқырын бал құндағы –
тек жасағай жақсы өлең – жанның нәрі!

1960


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері