Сенім – Абзалұлы Дидар

Бұл бетте «Сенім» атты Абзалұлы Дидар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойым кетті шашырап,мың бір түрлі,
Өзіммен қоса өлеңімді жынды қылды.
Не болсада, әр істе бір қайыр бар,
Е,Аллам, нәтиже бер тыңғылықты.
Сөндіре көрме,жүзімді төмен салма,
Жәрдемші бол, жетуге тек қана алға.
Жаратушым сенімімді нық ете гөр,
Жарып шығам, барлығын өзің барда.
Қайсармын, оңайлықпын берілмеймін,
Оп-оңай мен біреуден жеңілмеймін.
Барлығына жақсылықпен жауап берем
Осылай, дәрежемді еселейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар