Ақылды қозы

Бұл бетте «Ақылды қозы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1850
Жар басынан бір күні
Қозы көріп Қасекең,
Қауып кетті құлқыны,
Аңдығаны ас екен.
Тырысса да қаншама,
Жарға шыға алмады.
Сонда тұрып тамсана,
Қасқыр сөзбен арбады:
«Онда саған жоқ орай,
Қозы қалқам, жерге түс.
Мұнда шалғын көкорай,
Мұнда бұлақ, кел де, іш.
Илан айтқан сөзіме,
Жаман ойлап, жасқанба.
Мен тұрғанда өзіңе,
Жолай алмас басқа аң да».
– Естімеп ем қашаннан
Қайырымын қасқырдың.
Сұрап келем апамнан
Сырын сіздей тақсырдың, –
Деді-дағы жас Қозы,
Кетті әрмен секіріп.
Алабұртып аш көзі,
Қасқыр қалды өкініп.
* * *
О, балалар, шамаңмен
Бастар болсаң бір істі,
Алдыменен анаңмен
Ақылдасқан дұрыс-ты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақылды қозы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақылды қозы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақылды қозы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақылды қозы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар