Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Шыбын

Бұл бетте «Шыбын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1787
– Шыбын қыста ұшпайды,
Өлі жанға ұқсайды.
Әлде, ұйықтап жата ма? –
Дедім бір күн атама.
Атам айтты:
– Ақымақ,
Қарашы шын бақылап.
Ала жаздай ән салып,
Тәтті ас көрсе, тамсанып,
Айналақтап кетпейді,
Қысқа әзірлік етпейді.
Қыс келгенде қысылып,
Қырылады үсініп.
Бар екенін сынақтың
Есіңе алмай, ұзақ күн
Асыр салып ойнасаң,
Сабаққа ден қоймасаң,
Сен де бір күн ұғынбай,
Шырылдарсың шыбындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыбын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шыбын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыбын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыбын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері