Мен анамды шексіз жақсы көремін – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Мен анамды шексіз жақсы көремін» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.06.2018
  • 0
  • 0
  • 8926
Мен анамды шексіз жақсы көремін,
Анам маған береді әркез көмегін.
Анаға ешкім тең келмейді басқа жан,
Аналарды жәннәтім деп білемін.
Аналарды сыйлайықшы аялап,
Ауырмасын аман жүрсін саламат.
Ұл, қызым деп өткізетін әр күнін,
Аналарға көктен түссін шапағат.
Ана шексіз мейірімді асыл жан,
Маған берген ақ сүтінен нәр алғам.
Ұзақ кетсем сағынамын анамды,
Барған жерден тез қайтқанша асығам.
Мен анамды шексіз жақсы көремін,
Қолындағы бар тәттісін беретін.
Осылайша шалқып тасып жүргенім,
Алла менен анашымның арқасы деп білемін.
Алла берген ғұмырымда ендеше,
Нәсіп болса апарамын Меккеге.
Ниет еттім апарам деп анамды,
Алла үйі қасиетті Меккеге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері