Бозбала күндер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бозбала күндер» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Бозбала күндер менен жеріген,
Көрген бір қызық түс екен.
Айналып ұшып төбемде жүрген
Қызылды­жасыл құс екен.
Кәусардай мөлдір өмірге құштар,
Махаббат әнін мәңгі айтып –
Сүйкімді сазды сиқырлы құстар,
Келмейсің енді сен қайтып.
Жыл құсы қайта келеді шұбап,
Атқанда толқын көк сулар.
Қайтейін бірақ, қайтейін бірақ,
Ішінде соның жоқсыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері