Ұнатып ем бір сұлуды – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Ұнатып ем бір сұлуды» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2018
  • 0
  • 1
  • 5497
Ұнатып ем бір сұлуды,
Ұзын бойлы ақ құба.
Жүрегімнен орын алды,
Ойлай берем сағына.
Айта алмай сезімімді,
Жасырардай боламын.
Көргенімде сол сұлуды,
Қалды тілім байлана.
Түсіне алмай бұл сезімді,
Жүрдім біраз ойлаумен.
Кім бар екен маған айтар,
Ғашықсың деп жай ғана.
Қалай айтам сол сұлуға,
Жүректегі сезімді.
Өз-өзіме бағынбайды,
Жүрек шіркін тұншыға.
Неткен ғажап ұлы сезім,
Жүрегім дүрсіл қағардай.
Келді маған ойда-жоқта,
Махаббат пайда болғандай.
Қарай қалсам мен өзіңе,
Ұшқынын көрем сезімнің.
Көремін көзден махаббаттың,
Маған деген жылуын.


Пікірлер (1)

Нұргүл

Егер анасы келинимен баласын ажырастырып тұрса оның неси жаңа

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері