Бұл бетте «Кім ұтты?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
12.07.2019
0
0
2508
Дүкеншіден ініге
Әкепті аға етікті.
Кең деп, көнбей тіліне,
Кимей, ойнап кетіпті.
Тозаң басып сарайда,
Пайдаланбай жатыпты.
Бағасына қарай ма?
Күл-қоқысқа атыпты.
Бір жыл жатқан киімді
Тозды ғой деп ұғыпты.
Кімге болды тиімді?
Айтшы, сонда кім ұтты?
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі