Бүгінгінің шындығы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бүгінгінің шындығы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1382
Бабам ертегі айтыпты
Ұшқыр кілем жайында.
Бір сәтте ұшып қайтыпты
Барар жолды айында.
Ертеңді ертек етіпті,
Сөзін тізіп маржандай.
Бабам солай өтіпті,
Көкке ұшуды армандай.
Айға ұштым мен бүгін,
Таңдандырып әлемді.
Үзіп тартыс теңдігін,
Кеттім кезіп әлемді.
Көз ұшында құлдырап,
Ілесе алмай ай қалды.
Зымыраным зыңғырап,
Күн шеңберін айналды.
Емес енді жер тегі
Кеңістіктің кіндігі.
Кешегі айтқан ертегі –
Бүгінгінің шындығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгінің шындығы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгінің шындығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгінің шындығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгінің шындығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері