Түлкі мен есек

Бұл бетте «Түлкі мен есек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2445
«Қайдан жүрсің, қалқан құлақ ақылдым?» –
Түлкі Есекке сұрақ қойды ақырын.
«Арыстандай батырдың
Қор болғанын көріп келе жатырмын:
Ақырғанда ол, аңдар шошып самғайтын,
Менде де ес қалмайтын,
Жеп қоярдай репетсіз со неме.
Ал, бүгінде жоқ айбыны, түк күші,
Жатыр інде бүк түсіп,
Секілді бір домаланған бөрене.
Сенемісің, аң біткен
Қорықпайтын болып алған, ал тіптен,
Кек қайтарып, білгендерін істейді!
Әркім барып, Арыстанды көзінше,
Өзінше
Сүзеді де, тістейді....»
«Арыстанға сен не істедің, құрметтім?» –
Түлкі қойды сұрақты.
«Мә! – деді Есек жиып қойып ұятты, –
Неден қорқам, қасқайта кеп бір тептім,
Көрсін күшін тұяқтың!»
Атақты боп, елді билеп сұрасаң,
Әлсіз жандар бетке тіктеп келе алмас.
Ал, биіктен құласаң,
Көресіні солардан күт ең алғаш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі мен есек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түлкі мен есек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкі мен есек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкі мен есек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері