Отардағы от

Бұл бетте «Отардағы от» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1205
Батуға да
Таяп қалды күміс күн.
Түн жақындап,
Салқын жапты құм үстін.
Жалтылдаған
Бейне қызыл көбелек,
Отардағы от,
Көзді тартты, керемет.
Шопандар да қоршай келіп отырды,
Алау-жалын кеуделерге от үрді.
Бу бұрқырап,
Шәугімге шоқ сырылды,
Шайдың иісі қытықтайды мұрынды.
Төңіректе – толған түнгі дауыстар:
Түлкі, қарсақ шәуілдейді алыстан.
Қараңғыда
Сусыл қағып қанаты,
Ақырындап
Құстар ұшып барады.
Тыныштықпен алмастырып ыстығын,
От басында қоюлана түсті түн.
Түннің қара алақаны алымды
Ұмтылады
Өшірмек боп жалынды.
Түн тұнжырай түскен сайын неғұрлым,
От өрекпіп,
Жарқырайды соғұрлым.
Түн түнеріп,
Көрсетсе де қыспағын,
Жеңе алмайды жалын атқан дұшпанын.
Бірте-бірте жұлдыз сиреп келеді,
Тыныштықта,
Ұйқыға отар енеді.
Секілденіп
Дамыл алған көбелек,
Отардағы от та сөнді,
Не керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отардағы от өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Отардағы от өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отардағы от өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отардағы от өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері