Арамызда бәрі бар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арамызда бәрі бар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1712
Бір сөзді дәл ұғар,
Бір сөзді сәл ұғар –
Сан алуан баланың
Арамызда бәрі бар.
Біздің Болат үнемі
Томпаң қағып жүреді.
Барлық заттың сапасын
Тістеп барып біледі.
Екідегі Еркінбек
Ерке мінез елпілдек.
Ертегі айтсаң күледі
Езу жимай кеңкілдеп.
Ал, көршінің Оралы
Биыл үшке толады.
Отырса да, тұрса да,
Өз саусағын сорады.
Анау үйдің Жұманы
Сөзді қашан ұғады?
Жемістерді піспеген
Көк күйінде жұлады.
Көбей болса көп бөлек,
Қалды жасы төртке кеп.
Кейде ішпей тамағын,
Қиқаяды өкпелеп.
Беске толды Бестібек,
Кім айтады есті деп?
Күнде сұрап қоймайды:
«Таулар қалай өсті?» – деп.
Алтыдағы Азамат
Жатпайды үйді мазалап.
Ол өзінің киімін
Өтектейді тазалап.
Жетідегі Жұмабай
Жүр ешкімге ұнамай.
Өйткені, ол тамағын
Іше алмайды жыламай.
Кім білмейді Арманды,
Өнеріне ел таңданды.
Сегізінде күй тартып,
Думан қылды бар маңды.
Көрдіңдер ғой, балалар,
Түрлі-түрлі бала бар.
Ұландарды өнерлі
Елі жақсы бағалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арамызда бәрі бар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арамызда бәрі бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арамызда бәрі бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арамызда бәрі бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері