Тойбастар

Бұл бетте «Тойбастар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2327
Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Егеменді, еңселі елім барда,
Жерұйықты, жұмақты жерім барда,
Шаша берсін шашуын дарқан халқым,
Баса берсін өркендеп өмір алға.

Қайырмасы:
Ата салты тойбастар қазағымның,
Бастамасы жайдары наз әнімнің,
Толқып-тасып теңіздей шайқалады,
Бар әлемге танытып ғажап үнін.

Жеткен сайын жеңіске асқаралы,
Елімізде думан-той басталады.
Байрағымыз желбіреп көгімізде,
Аялаймыз Ақорда – Астананы!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойбастар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тойбастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойбастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойбастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері