Қалтабай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қалтабай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1316
Бізде екі бала бар,
Бір-біріне барабар.
Бірінің аты – Балтабай,
Бірінің аты – Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі,
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен асық шығады,
Бірінен қасық шығады.
Бірінен қалам шығады,
Бірінен тағам шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әйтеуір не керек,
Соның бәрі шығады...
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалтабай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қалтабай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалтабай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалтабай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері