Туған күн кешінде
Бұл бетте «Туған күн кешінде» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тойыңа гүл алып,
Келдім мен қуанып,
Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.
Жүзіңе нұр тұнып,
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін төккендей.
Қайырмасы:
Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел, екеуміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн.
Жасқанба, жасыма,
Отыршы қасыма,
Басталсын бір терең әңгіме.
Қуансын ел ертең,
Қолыңды бер, еркем,
Жалғыздық жойылсын мәңгіге.
Көп жүріп сарылып
Жетсе де кәрілік,
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз.
Жастықтың жарығын,
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз.
Өте күшті
Акын каламы откир жан өлеңдері жаңғырту жолындағы шырақ испеттес
Жеңге туралы олен.
Ана туралы олендерди тапсам деимин
Мұхтар Шахановтың Туған күн кешінде атты өлеңі ұнады
Маған ұнады
Мұхтар Шахановтың «Туған күн кешінде» өлеңі туған күн мерекесінің қуанышы мен жақындардың жылылық сезімін көркем тілмен жеткізеді. Бұл туындыда поэзия мен шынайы эмоция үйлесіп, оқырманға туған күннің маңызын, өмірдің қуанышты сәттерін поэтикалық әсермен сезіндіреді.