Рух пен тіл
Бұл бетте «Рух пен тіл» атты Мұхтар Шаханов жазған тіл туралы өлең берілген.
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
Қайырмасы:
Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбістік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Діліңді жоғалтсаң 2 рет
Жоғалтасың ² бәрін.
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.
Абай атаның ұрпағы
Жақсы бірақ маған жаттау керек
Скачат ете ал маимыз ба?
кушти
Маған ұнады
Күшті бірақ көп
Өлеңдері тәрбие мен тағылымға толы ...
Мыкты
Кушти
Базар жоқ күшті өлең
Кушти
Кушти бирак жаттау керек
Маған қатты ұнады
Күшті
Өте мағыналы айтылған,түсінігі мол!
Өте керемет өлең екен.Қысқа жаттауға ыңғайлы.
Рух пен тіл
Кушты унады
Өте мағыналы
Кушты унады
Өте мағыналы айтылған, түсінігі мол!
Нашар
Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңі өте күшті екен!
Бұл өлеңді оқып отырып, жүрегім толқыды. Қазіргі заманда ұлтсыздану қаупі шынымен де бар, ал ана тіліміз бен рухымызды сақтау — әрбір қазақтың міндеті сияқты. Әсіресе қайырмасы терең әсер етті: «Тіліңді жоғалтсаң, діліңді жоғалтсаң — жоғалтасың бәрін». Расында да, тілінен айырылған халықтың болашағы болмайды ғой.
Бұл өлеңді оқығанда Мұхтар Шахановтың тек ақын емес, ұлты үшін жаны күйіп тұрған азамат екенін тағы бір мәрте сезіндім. «Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, қай кезде де туған тілің туған анаң секілді» – осы жолдар бойға жылу таратады. Сайтта өлең толық көлемде, жіктеліп берілген. Мен сияқты әдебиетті сүйетін оқырмандарға өте ыңғайлы. Қазақ поэзиясының мұндай інжу-маржандарын жинақтағандарыңызға рахмет.