Бұл бетте «Жалқау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктемде мен апаммен
Көшет ектім күн ұзақ.
Қарындасым ағаммен
Ойнап кетті тым ұзап.
Жазда егінді саралап,
Жұлдық арам шөптерін.
Қарындасым аралап
Кетті таудың бөктерін.
Қарындасым күз күні
Көрсеткендей келісім,
Деді:
– Енді біз мұның
Бірге жейміз жемісін».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі