Жетімнің әні
- 0
- 0
Жетімнің күйі құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен, оу, жалған, құдай алған.
Күтетін баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе, оу, дүние ...
Бұл бетте «Ғайни» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жетімнің күйі құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен, оу, жалған, құдай алған.
Күтетін баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе, оу, дүние ...
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,
Дүнияда еш нәрседен тына алмаған.
Ертістің арғы жағы, бергі жағы,
Жайқалған жағасында жапырағы.
Жігіттің алған жары болса жаман-ай,
Ол кеткен-ай барымтаға малы-дағы.
Жиырма бес, қош аман бол, қайтып келмес,
Жастықты ойлағанмен қолға бермес.
Қасыңда қатын-балаң құл күзетіп,
Кәрілік ауру болды қолдан келмес.
Байжеке, мырза көңлі болды қалай,
Қашқаны аралаушы ең талай-талай.
Қондырсам осынау тұрған қызыл гүлге,
Етуге ептеп сайран жайың қалай.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі