Шаруа мен түлкі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаруа мен түлкі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1271
Шаруаға былай деді Түлкі бір:
«Айтшы, білгім келеді,
Саған жақын болуы не жылқының?
Әрқашан да айдауыңа көнеді.
Жем бересің сайлап сарай орынын,
Жолға шықсаң, ең сенімді серігің.
Қарап тұрсам бақылап,
Көп аңнан ол ақымақ».
«Ех, тамырым, керегі тек ақыл ма? –
Деді Шаруа, – сөзге құлақ салшы бір,
Айтар болсам дәл шынын:
Ең бастысы – жүрсе болды ат тақымда,
Айдауымен қамшының».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері