Жиырма бес (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жиырма бес (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3440
Жиырма бес, қош аман бол, қайтып келмес,
Жастықты ойлағанмен қолға бермес.
Қасыңда қатын-балаң құл күзетіп,
Кәрілік ауру болды қолдан келмес.

Қайырмасы:
Уа-хоха-ау, ой, жалған,
Жиырма бес,
Екі айналып келмес маған.

Жиырма бес тотыдайын толғайтұғын,
Қызыққа ертеңді-кеш тоймайтұғын.
Өң тозып, су алды ғой бар тамырды,
Үміт жоқ жастық шақты ойлайтұғын.

Қайырмасы:
Уа-хоха-ау, ой, жалған,
Жиырма бес,
Екі айналып келмес маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері