Аңдар

Бұл бетте «Аңдар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3266
А
Аң патшасы Арыстан,
Даңқы жеткен алыстан.
Б
Барыс мысық сияқты,
Бірақ, аса қуатты.
Г
Горилла шын тағы аң ба?
Өте ұқсас адамға..
Д
Дикобраз түрпідей,
Дүрдиеді кірпідей.
Е
Еркелетші елдікті,
Елік аса көрікті.
Ж
Жолбарыс тым қайратты,
Талай аңды жайратты.
З
Зебр ала шапанды,
Кезіп жүрер жапанды.
И
Ит – хайуанның жақсысы,
Үй-қораңның сақшысы.
К
Киік деген керемет,
Атып оны не керек?
Қ
Қасқыр түнде жортады,
Қасқырдан қой қорқады.
Л
Лақ деген ерке төл,
Тез өсетін бөрте төл.
М
Марал маң-маң басады,
Талай белден асады.
О
Ондатра қызық аң,
Оған қатты қызығам.
Ө
Өгізді сен танып ал,
Өте мықты жануар.
П
Піл дегенің ересен,
Болар тауға теңесең.
С
Сілеусінді көрдің бе? –
Сұсты мысық ол мүлде.
Т
Түлкі сылаң қағады,
Терісі оның бағалы.
Ұ
«Ұлы тауға бардың ба?
Ұлар атып алдың ба?
Ү
Үлек жүні үлпілдек,
Үлек желер бүлкілдеп.
Ш
Шиебөрі шатақ-ақ,
Шәуілдейді жата ғап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңдар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері