Тағдырыма тауқыметпен таластырған – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Тағдырыма тауқыметпен таластырған» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 606
Тағдырыма тауқыметпен таластырған,
Өмір ме өзен жолын адастырған.
Көктемім келіп еді құстарменен,
Іздерім шыға келді қар астынан.
Ескегін көк аспанда жүрген есіп,
Көктегі бұлттарменен бірге көшіп.
Асығыс ғұмыр кешіп бәйшешектер,
Көктемім шыға келді гүлмен өсіп.
Құстармен бірге көкке самғап арман,
Қол бұлғап арбағандай арман алдан.
Сай-қыры, жыралары алып-қашып,
Сөйледі көктем өмір жылғалардан.
Тау-өзені мойындамай еш қамалды,
Қызғалдақ қырат-белді төске оранды.
Іздеуім шыға келіп қыр астынан,
Өткен бар бақытты шақ еске оралды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері