Мамыр айы – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мамыр айы» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барлық айдан шырайлы
Мамыр дейді бұл айды,
Жасыңа да кәріңе,
Бәріңе де ұнайды.

Қайырмасы:
Мамыр айын мына біз,
Ең жақсы ай деп ұғамыз,
Көп ұзамай өйткені
Каникулға шығамыз.

Айнала гүл жайнайды,
Бақшада құс сайрайды,
Тал, құрақтар көгеріп,
Балбұлақтар «қайнайды».

Қайырмасы

Мойындама, мойында,
Таусылмайды ойын да,
Желбіретіп жейдемді
Жел кіреді қойныма.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері