Жауынгерлер жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бабалар мақтаған,
Ағалар баптаған.
Отқа да оралып,
Суға да жүзгенбіз.
Жалған сөз айтпаған.
Жаудан бет қайтпаған.
Туған ел ұланы,
Қыраны біздерміз.

Қайырмасы:
Ұланы да біз,
Қыраны да біз.
Ел аузындағы
Ұраны да біз
Пырағы да біз
Шырағы да біз
Алысқа самғап шабатын,
Мәңгілік лаулап жанатын.

Жаңарған елді де,
Жасарған жерді де,
Енді тек біз қорғап,
Енді біз бастармыз.
Шетінен намыскер,
Қайратты ғарышкер,
Білімді, білекті,
Жүректі жастармыз.

Қайырмасы

Өрдеміз, төрдеміз,
Егемен елдеміз.
Туымыз желбіреп,
Желкілдеп гүліміз.
Құрыштай білекті,
Арыстан жүректі.
Тәуелсіз қазақтың,
Тәуелсіз ұлымыз.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгерлер жыры өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жауынгерлер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жауынгерлер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауынгерлер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері