Алтын күз
Бұл бетте «Алтын күз» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Берекелі,
Мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да,
Далада да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
Балақайлар
Алақайлап,
Мектеп іші нұрланды.
Астың жыры –
Шаттық жыры –
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Ер ісіне сүйінді.
Ән тасқыны
Дән тасқыны
Ырыс болып құйылды.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі